в

Зайсанде халыққа бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды

Зайсан ауданында халыққа бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осыған байланысты сот ісі Зайсан аудандық сотында қаралды.
— Шілікті ауылының әкімі 6 қазанда сағат 15:00 шамасында өзінің қызметтік кабинетінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқан. Сот процесі барысында өз кінәсін мойындаған ол бұл әрекетіне өкінетінін жеткізіп, көпшілік алдында кешірім сұрады, — деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.
Сот шешімімен әкім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 55 048 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Астана примет шахматную Олимпиаду для людей с особыми потребностями

В преддверии XII Гражданского форума в РК обсудили новые подходы социальной поддержки и защиты прав граждан