Риддер тұрғындары пәтерлерінің салқындығына шағымданды

Риддер қаласында қыркүйек айының соңында жылыту маусымы басталғанымен, тұрғындар үйлерінің әлі жылымағанына наразы.

Алғашқы қар түскеннен кейін, түнде күн суытып, сынап бағанасы нөлден төмендеген шақта халық әлеуметтік желіде үйлерінің дұрыс жылымай тұрғанына шағымданды. Олардың айтуларынша, радиаторлар қызымай, пәтер ішіндегі ауа температурасы +16 градустан аспайды.

Бұл жағдайға қатысты ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан жауап берді.

— Бұл тосын жағдай емес, қазір абоненттерді кезең-кезеңімен жылуға қосу жүріп жатыр. Кеше ғана жылу «Казцинк» зауытының цехтарына берілді. Соның салдарынан уақытша қысым төмендеді. Бүгін қосымша бірінші қазандық іске қосылды. Қазір үш қазандық, атап айтқанда екінші, бесінші және бірінші қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу беру температурасы 70 градусқа жетті. Температуралық режим біртіндеп тұрақталып келеді, — деді басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов.

Өз сөзінде ол қазір Риддерде жүргенін, жабдықтардың іске қосылу барысын бақылап отырғанын жеткізді. Қосымша қуаттың іске қосылуы жүйенің жұмысын алдағы тәулік ішінде толық тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Мамандар жылу электр орталығында және желілерде көрсеткіштерді тәулік бойы бақылауда ұстап, жылудың барлық көшелерге біркелкі жетуін қамтамасыз етіп отыр.
Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев те жылыту маусымының белгілі тәртіппен іске қосылатынын түсіндірді.

— Ең алдымен жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Содан соң тұрғын үйлерге, кейін өндірістік кәсіпорындарға жылу беріледі. Жүйеде су көлемі көбейген сәтте температура уақытша төмендеуі мүмкін, бірақ бір тәулік ішінде қалыпқа келеді, — деді шаһар басшысы.

Биыл жазда Риддер жылу электр орталығында жабдықтарды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,7 млрд теңге, ал жылу желілерін ауыстыруға 3,4 млрд теңге бағытталған.

Новые статьи

Розничная торговля в Казахстане выросла на 4,5% за девять месяцев

В январе–сентябре 2026 года объем розничной торговли в Казахстане достиг 20 048,8 млрд тенге. Это на 4,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Рост...

Семерых граждан РК обвиняют в мошенничестве на 413 млн тенге и организации ОПГ

В Астане завершили расследование уголовного дела в отношении семи человек, которых обвиняют в мошенничестве в составе организованной преступной группы. По данным прокуратуры столицы, от...

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...