ШҚО-да есірткі өсірумен айналысқан адам ұсталды

Тәртіп сақшылары Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғынын есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өсіру күдігі бойынша ұстады.

— Жедел тінту барысында оның үйі мен ауласынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталары, шыны банка мен ішінде кептірілген зат салынған қап, металл табақшалар, ыдыс-аяқ, жасыл өсімдіктер орналасқан кептіргіш машина табылды. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттар есірткі құралы — марихуана болып анықталды. Оның жалпы салмағы 4 келіден асты, — деп хабарлады ШҚО ПД.

Бұған қоса, ауладан сарапшылар каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасы алынды, оның салмағы 1,2 келіден асты.

Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға салу» және «Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...