в

ШҚО-дағы кәсіпорын қаза болған жұмысшысының отбасына 11 млн теңге төлеуге міндеттелді

Источник фото: министерство труда и соцзащиты РК

Өңірдегі кәсіпорында жүргізуші болып жұмыс істеген ер адамның өліміне байланысты сот ісі аяқталды. Марқұмның артында кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы қалған.

Тергеу актісіне сәйкес, қайғылы оқиғаның басты себебі — жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы. Бұған дейін ЖШС мен марқұмның әйелі арасында моральдық шығын ретінде 8 миллион теңге төлеу туралы келісім жасалған болатын. Алайда марқұмның әйелі мен жақын туыстары бұл соманы жеткіліксіз деп есептеп, сотқа жүгінді.

Алтай аудандық соты іс материалдарын қарап, жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденген деп тапты. Сот кәсіпорыннан қосымша 11 млн теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
ЖШС басшылығы бұл шешімге шағым түсіргенімен, апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

В Курчумском районе мужчина получил 15 суток ареста за нецензурную брань и агрессию

Алтай ауданында жылыту маусымы басталды