в

ШҚО-да өтетін бүркітшілер фестиваліне шетелдік құсбегілер қатысады

«Шығыс Салбұрыны – 2025» халықаралық фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

— Жарыстарға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам спортшы қатысады. Сонымен қатар Моңғолия, Қырғызстан, Ресей және Венгриядан да қатысушылар келеді, — деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Маделхан Піржанов.

Фестивальге келетін көрермендер мен туристер саны былтырғыға қарағанда арта түседі деп күтіліп отыр.

Жарыстың ақтық сындары 11 қазанда өтеді. Қонақтар үшін мүшәйра, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және гала-концерт ұйымдастырылады.

В Уланском районе пройдет юбилейный Международный фестиваль «Шығыс Салбурыны – 2025»

Национальный Банк совместно с тремя казахстанскими банками запустил сервис межбанковских QR – платежей