ШҚО әкімі өңірдің келешектегі даму мүмкіндіктері жайлы айтты

Бүгін Өскеменде өтіп жатқан «Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумының пленарлық сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің келешектегі даму мүмкіндіктері жайлы баян етті.

«Өнеркәсібі дамыған Шығыс Қазақстан ел бойынша гидроэнергетика мен металлургиядағы жетекші аймақ. Күнбағыс майын өндіруден ең алдыңғы орында тұрмыз. Сүт өнімдерінің саудасы да қарқынды дамып келеді. «Алтай балы» мен MIGLIOR минералды суы халықаралық деңгейде танымал брендке айналды. Катонқарағайдан бастап Риддердің тау шаңғысы курорттарына дейінгі орасан зор туристік әлеуетіміз бар», — деді ШҚО әкімі.

2030 жылға дейін аймақтағы жалпы өнімді 2 есеге жуық арттыру көзделген. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін 2,3 трлн теңгеге жеткізу, жаңа өндірістер ашып, мыңдаған жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«Өңіріміздің басты басымдықтары — сирек кездесетін металдарды қайта өңдеу, атом саласын дамыту, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыратын «Ақылды қала» жобаларын іске қосу. Шығыс Қазақстан – мүмкіндіктер мекені. Бізде табиғи ресурстар, білікті кадрлар мен қажетті инфрақұрылым бар. Инвесторлар мен серіктестерді жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын. Сол жобалардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан одан сайын өркендей түседі деп сенеміз», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, бүгін таңертең Өскеменде «Altai Invest-2025» форумы басталды. Оған әлемнің бірнеше елінен инвесторлар, дипломаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып жатыр.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...