Өскеменде Ертіс өзеніндегі шағын кемелер маусымы аяқталуға таяу

Қала тұрғындары арасында кеңінен танымал шағын кемелер 29 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатады. Маусымның аяқталуы ауа райының қолайсыздығына және кемелерді қысқы кезеңге дайындауға байланысты болып отыр.

– Шағын кемелер тек жылы күндерде жолаушы тасымалдай алады. Ал суық түскен кезде тоқтап, техникалық қызметтерге жеткізіледі, – деп хабарлады кемелерге иелік ететін «Белалекс» компаниясынан.

Айта кетейік, Сол жағалау саябағына қарай қатынайтын маршрут 11 қыркүйектен бері жабылған. Ал қайықтарды жалға беру қызметі одан да ерте тоқтаған. Компания өкілдерінің айтуынша, биылғы маусымда жолаушы тұрақты болды. Әсіресе жаз айларында кемемен қыдырыстауға ниет білдірушілер саны артқан.

– Өскеменде өзен көлігіне сұраныс жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары өзенмен серуендеуді ұнатады. Көбісі этнопаркке жету немесе жай ғана Ертіспен қыдыру үшін арнайы трамвайларды таңдайды, – деді «Белалекс» компаниясының өкілдері.

Шағын кемелер келесі көктемде бұрынғы форматта қайта жұмысын бастайды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...