ШҚО жолдарынан 120-дан астам ақау анықталды

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері көлік жолдарын күзгі тексеруден өткізуді жалғастырып жатыр.

Облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі жол жағдайын тексеруде. Соның барысында жол белгілері мен жол таңбаларының жарық қайтарғыш қасиеті, қоршаулардағы жарық шағылыстырғыш катафоттардың болуы және жарамдылығы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының дұрыс орнатылуы тексеріліп жатыр.

— Осы күнге дейін жол белгілерінің көрінуіне және жол жамылғысының сапасына әсер ететін 120-дан астам ақау анықталды. Сонымен қатар жол иелеріне 80-ге жуық нұсқама беріліп, жол ұйымдарының 8 басшысы жауапқа тартылды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полицейлер 40-тан астам апаттық-қауіпті учаскені ретке келтіру бойынша ұсыныстар дайындап, жол ұйымдарының инженерлік-техникалық құрамымен полицияның қызметтік бөлімшелерінің өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...