ШҚО-да полиция жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу бастады

Оқиға Ұлан ауданы Привольное ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам күшікті мотоциклге байлап, жол бойымен сүйреген. Кейін оны ауыл тұрғындарының көзінше балталап тастаған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазір тәртіп сақшылары күдіктінің кім екендігін анықтап жатыр.

— Аталған факті бойынша Ұлан аудандық полиция бөліміне шағым түсті. Полицейлер бірден тергеу амалдарын қолға алды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, жануарға қатыгездік танытқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК-нің 316-бабына сәйкес, 200 АЕК-ке дейін (786 400 теңге) айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Новые статьи

День Каспийского моря объединил волонтеров и экологов из стран региона

Сегодня отмечается День Каспийского моря. В этот день 20 лет назад вступила в силу Рамочная конвенция по защите морской среды Каспийского моря, известная как...

Более 2,3 млн казахстанцев прошли онкоскрининг за полгода

За первые шесть месяцев 2026 года онкологический скрининг в Казахстане прошли 2 362 568 человек. Такие обследования позволяют выявлять опасные изменения на ранних стадиях,...

Новый доклад ООН: в мире растет уровень безработицы среди молодежи

Согласно новому докладу Международной организации труда (МОТ), уровень безработицы среди молодежи в мире растет: слабый экономический рост и низкие темпы создания рабочих мест затрудняют...

Хоккейный сезон стартует матчем «Торпедо» – «Арлан» в Усть-Каменогорске

14 августа хоккейный клуб «Торпедо» проведет первый матч группового этапа Кубка Казахстана. На домашнем льду устькаменогорцы встретятся с ХК «Арлан» из Кокшетау. Игра станет первым...