в

Полигондағы өрт: ШҚО экологтары Алтай қаласы әкімдігіне тексеру жүргізді

Источник фото: министерство экологии и природных ресурсов РК

Осы айдың басында тұрғындар ШҚО Экология департаментіне Алтай қаласы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының бірнеше күн бойы жанып жатқанына арызданған болатын.

Экологтардың тексеруі барысында белгілі болғандай, Алтай қаласы әкімінің аппараты қалдықтарды басқару және өрттің алдын алу мен барынша азайту шараларын орындау барысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған.

— Сондай-ақ әкімдік өрт шыққаны туралы департаментке дер кезінде хабарламаған. Осыған байланысты мемлекеттік органға қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 2,8 трлн тенге

Усть-Каменогорск принимает республиканский конгресс Домов дружбы