Жыл сайынғы «Шығыс Салбұрыны» фестивалі биыл да жалғасын таппақ. Оған әдеттегідей әлемнің әр түкпірінен бүркітшілер келеді деп күтіліп отыр.
— «Шығыс Салбұрыны — 2025» фестивалі 9-11 қазан аралығында Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылының маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында ұйымдастырылады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден бүркітшілер қатысады. Олар жыртқыш құстардың күшін, шеберлігін және сұлулығын көрсетіп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлерді кеңінен насихаттамақ, — деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Айта кетейік, былтыр бүркітшілер додасына 90-нан астам құсбегі қатысып, 5000-нан астам адам келген.