ШҚО-да кенеден зардап шеккендерге бірнеше айдан бері иммуноглобулин егілмей келеді

Облыста кене шаққан науқастарға салатын иммуноглобулин жоқ. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл мәселе жаз ортасынан бері өзекті.

— Наурыз айында өңірге 23 850 мл кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткізілген. Алайда күннің ерте жылып кетуі мен кенеден зардап шеккендердің көбеюіне байланысты бұл көлем жеткіліксіз болып қалды. Осындай тапшылық тек бізде ғана емес, бүкіл ел бойынша байқалып отыр, — дейді басқарма басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова.

Денсаулық сақтау басқармасы препарат жеткізушіге ресми хат жолдаған.

— Ол жақтан қазір келісімшарт жасалып, қосымша екпелер сатып алынып жатыр деген жауап келді. Сондай-ақ бізде уақытша көрші өңірлерден қажетті мөлшерде препарат алу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Осы айдың соңына дейін мәселе шешімін табуы тиіс, — дейді М.Мырзабекова.

Новые статьи

Казахстанские студенты разработали образовательные проекты на основе ИИ

В КазНПУ имени Абая представили первые проекты, которые студенты разработали в рамках программы «AI-Sana». Участники использовали технологии искусственного интеллекта для проверки знаний, подготовки индивидуальных...

Два подростка погибли в ДТП в Усть-Каменогорске

По данным городской прокуратуры, за рулем легкового автомобиля находился несовершеннолетний. – По предварительным данным, он не справился с управлением. Машина врезалась в препятствие на обочине,...

Өскемен жол апатынан екі жасөспірім қаза болды

Қала прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, көлік тізгініне кәмелеттік жасқа толмаған бозбала отырған. - Алдын ала дерек бойынша ол жеңіл автокөлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік...

Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Емтихандар 10 тамызға дейін жалғасады. Дайындалуға уақыт қалмады – енді талапкерлер білімі мен жүйкесінің қаншалықты мықты екенін сынап көреді. Кешенді тестілеуге тіркелу 1 маусым мен...