ШҚО-да халық емшісінен шипа іздеген қария сал болып қалды

65 жастағы адам ауыр жағдайда облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілген.

— Науқас бізге түскенде есінде ауытқушылық пен менингиттің белгілері байқалды. Белгілі болғандай, ол шамамен 20 күн бойы дәстүрлі емес медицина өкілдерінен ем алып, омыртқасына екпе салдырған, — деп хабарлады медициналық орталықтан.

Зерттеулер мен мамандардың кеңесінен кейін омыртқа остеомиелитінің асқынған түрі, ауыр екіншілік менингит диагнозы қойылды.

— Орталық мамандары интенсивті терапия жүргізіп, заманауи диагностикалық әдістерді қолданды. Нәтижесінде науқас есін жиып, қалпына келді. Алайда медициналық көмекке кеш жүгіну салдары аяғы сал болып, жамбас ағзалары қызметінің бұзылуына әкеліп соқты, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...