Дзержинский көшесінде тұратын әйел қарақұртқа ұқсас жәндікті тірідей ұстап алған. Содан кейін сараптамадан өткізу үшін Өскемендегі «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» зертханасына тапсырды.
Белгілі болғандай, бұл қарақұрттың Latrodectus mactans (Қара жесір) деп аталатын түрі. Ол негізінен Солтүстік Америкада таралған.
— Қарақұрт — ең қауіпті өрмекшілердің бірі. Егер қарақұрт адамды шағып алса тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Көбінесе шұңқырларда, тастардың астында немесе қалың шөптерде жүреді. Егер адамды қарақұрт шақса дереу медициналық көмекке жүгіну керек, — деп хабарлады аудан әкімдігінен.