в

Шығыс Қазақстанда жоғары өрт қаупі тіркелді

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, 26 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі тіркелген. Сондықтан әзірге орманға баруға тыйым салынған.

— Ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты орман алқаптарында өрт шығу қаупі жоғары. Осыған байланысты мемлекеттік орман қоры аумағында адамдардың жүруіне рұқсат етілмеген. Табиғат аясында және үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды. Егер өртті байқасаңыз, дереу «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, шілде айында Катонқарағай өрт қаупіне байланысты туристер үшін уақытша жабылғаны хабарланған.

ШҚО-да ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам жаза мерзімінің небәрі 12 күнін өтеді

Контрактацию овощей нового урожая и усиление контроля за стабфондами обсудили в правительстве