Әлеуметтік желіде Өскемен қаласында автокөлік иесі әсерлі видео түсіру мақсатында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, оның орнына өз тегі жазылған сәндік тақтайша орнатып, қала көшелеріне шыққан бейнежазба тараған.
— Полиция аталған әйелді анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, ол қозғалыс барысында қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болып, бұл құқықбұзушылық үшін де жаза қолданылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Осы ретте тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуы тиіс екенін ескертеді. Оларды ауыстыру немесе жасыру – заңға қайшы.