Өскеменде қыркүйектен балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Мұндай шешім қалалық мәслихат сессиясында қабылданды. Қала әкімі Алмат Ақышов бұл қадам әлеуметтік қолдау шараларын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті.

— Балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруі — бұл болашаққа салынған инвестиция. Қаламыздың жас тұрғындарын қолдауымыз керек, — деді ол.

Сондай-ақ депутаттар басқа да санаттағы азаматтарға жеңілдік беруді қолдады. Атап айтқанда, 70 жастан асқандар қоғамдық көлікте 55% жеңілдікпен жүре алады. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, басқа елдердегі әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер мен Өскемен қаласының құрметті азаматтары тегін қатынайды.

Бұдан бөлек, трамвайда бірінші топтағы мүгедектер, екінші топтағы көру қабілеті нашар жандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар, «Батыр ана» атағының иегерлері мен «Ана даңқы» орденінің I және II дәрежелерімен марапатталған аналар тегін жүре алады.

Осындай мүмкіндік 80 жастан асқан тұрғындарға да берілді.

— Бұл жеңілдіктер егде жастағы азаматтар мен көпбалалы аналар үшін нақты көмек. Бірақ біз үшін ең маңызды шешім — оқушылардың қоғамдық көлікте тегін жүруі болып отыр. Енді балалар мектепке, үйірмелер мен секцияларға өз беттерімен және қауіпсіз түрде бара алады. Отбасылық бюджетке де қосымша салмақ салынбайды. Сондықтан бұл бастаманы бірауыздан қолдадық, — деді қалалық мәслихат депутаты Андрей Ливеринов.

Айта кетейік, жеңілдіктер үшін қалалық бюджеттен қаражат бөлінеді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...