ШҚО-да екі әйелді пойыз қағып кетіп, біреуі көз жұмды

Шығыс Қазақстанда теміржол бойында қайғылы оқиға тіркелді. 22 тамыз күні сағат 10:20 шамасында Коршунов-Өскемен-1 бағытындағы теміржол учаскесінде пойыз екі әйелді қағып кетті.

Оқиға орнында бір әйел тіл тартпай кетсе, екіншісі ауыр жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

— Пойыз машинисі жолда тұрған адамдарды байқап, шұғыл тежеуге әрекеттенген. Алайда пойызды тоқтатып үлгеру мүмкін болмады. Қайғылы оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жарақат алды, — делінген хабарламада.

Компания марқұмның туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен әйелдің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...