в

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 55 шетелдік елден шығарылды

Источник фото: «Қазақстан темір жолы»

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру ережелерін бұзған 350-ден астам шетелдікті анықтады. Олардың ішінде 55 адамға қатысты сот шешімімен Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынып, елден шығару шарасы қолданылды.

Полицейлер шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тараптың хабарламаларының болуын тексеру бойынша арнайы рейдтерді жалғастырып жатыр.

— Соның нәтижесінде аудандардың бірінде уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 36 шетелдік анықталды. Барлық заңбұзушыларға қатысты шара қабылданып, олар елден шығарылды. Ал жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Почти 260 тысячам казахстанцев оказали адресную социальную помощь на 1 августа 2025 года

Более 434 млрд тенге выплатили казахстанцам в виде пособий и соцвыплат по инвалидности и потере кормильца