ШҚО-да 2029 жылға дейін 650 мың турист келеді деп жоспарланып отыр

Осы жылдың алғашқы тоқсанының өзінде өңірге 100 мыңға жуық турист келген. Оның 95 мыңы — ішкі туристер. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп. Алайда облысқа келуге деген қызығушылық артқанына қарамастан, инфрақұрылым мәселелері әлі де өзекті. Қазіргі таңда туристік бағыттарға апаратын 168 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл мақсатта шамамен 5 млрд теңге бөлінген. Соған қарамастан, халық кей жерлерге көлікпен жете алмайды. Соның бірі — Рахман қайнарлары шипажайы.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірхановтың айтуынша, келер жылы бұл мәселе толықтай шешіледі.

— Рахман қайнарларына баратын 13 шақырымдық жолға алғаш рет асфальт төселмек. Бұрын бұл учаскеде тек қиыршық тас болатын. Қазір су өткізу құбырлары, дренаж жүйесі салынып жатыр. 20 тамыздан бастап жол кеңейтіледі. Сол себепті көлік қозғалысы уақытша шектеледі, — деді ол.

Қазіргі таңда Риддер, Алтай, Катонқарағай және Шемонаиха бағыттарындағы республикалық маңызы бар жолдар жөнделуде. Бұл жолдар туристер үшін де, жергілікті жұрт үшін де маңызды. Жолдан бөлек өңірде интернет мәселесі бар. 136 демалыс базасының тек 79-ы ғана интернетпен қамтылған. 357 ауылдың ішінде тек 218-інде интернет ұстайды. Қалған 139 елді мекен интернетке 2027 жылға дейін қосылмақ. ШҚО әкімдігінің мәліметінше, 2029 жылға дейін аймақтағы туристер санын 650 мың адамға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатта «4E» ( Eco, Ethno, Event, Entertainment) тұжырымдамасы енгізілді.

— Облыс ірі мәдени және спорттық шаралар арқылы туризмді дамытып келеді. Самар ауданында балық аулау фестивалі өтті. Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылды. Өткен күзде өткен «Шығыс салбурыны» бүркітшілер фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен бөлек Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және Венгриядан 5 мыңнан астам турист келген, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

Глава государства принял министра обороны Даурена Косанова

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад об итогах деятельности оборонного ведомства за прошедший период 2026 года, мерах по обеспечению социальной защиты военнослужащих и укрепление престижа...

101 год Алие Молдагуловой – как девушка из Казахстана стала символом мужества

15 июня исполняется 101 год со дня рождения Героя Советского Союза Алие Молдагуловой. Ее имя давно стало частью истории Великой Отечественной войны и символом...

Alatau City хотят сделать международным транспортным хабом

Казахстан представил транспортно-логистический потенциал Alatau City на международном форуме в Шэньчжэне. О проекте рассказал вице-министр транспорта Талгат Ластаев, который вошел в состав казахстанской делегации...

Казахстан и Швеция обсудили торговлю, Volvo и возможный приход IKEA

Министр торговли и интеграции Республики Казахстан Арман Шаккалиев провел встречу с государственным секретарем по торговле министерства иностранных дел Швеции Дианой Янсе. Стороны обсудили торгово-экономическое...