в

Марқакөл ауданының 10 ауылында әлі күнге дейін ұялы байланыс дұрыс ұстамайды

Қазіргі уақытта 1,2 мыңға жуық адам тұратын 10 елді мекенде ұялы байланыс бірде ұстап, бірде ұстамай қалады.
— Ұялы байланысқа қатысты шағымдар Жаңаауыл, Оң жақ Қалжыр, Ұрұнхайка, Қайнарлы, Бұлғартабыты, Ақжайлау, Теріскей-Бөкенбай, Балықтыбұлақ, Шағанатты және Күнгей-Бөкенбай ауылдарынан түсіп отыр. Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілмек. Байланыс операторларымен бірлесіп, 2027 жылдың соңына дейін байланысты толық ретке келтіру көзделіп отыр, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Ауыл тұрғындары байланыстың болмауы күнделікті өмірде айтарлықтай кедергі келтіретінін жеткізді.
— Біздің Шағанатты ауылында интернет тек кей жерлерде ғана ұстайды. Балаларға қашықтан оқу қиын, дәрігерлерге хабарласу немесе туған-туыспен байланысқа шығу да оңай емес, — дейді жергілікті жұрт.
Қазіргі таңда аудан халқының 82,4 пайызы интернетпен қамтылған. 2025 жылдың наурыз айында Кар-Тел компаниясы Шеңгелді және Игілік ауылдарын мобильді интернетке қосты.
Білім саласында баламалы технологиялар қолданылып жатыр. Нақты айтқанда, аудандағы 12 мектепке жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін Starlink спутниктік байланыс жүйесі орнатылған.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар жол бойында да ұялы байланыстың жоқтығы көпті толғандырып отыр. Бұл тұрғындардан бөлек туристерге де қолайсыз. Әкімдіктің мәліметінше, жол бойына антенна-мачталық құрылымдар орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

В Усть-Каменогорске полиция провела необычную акцию на финише Mongol Rally

В Восточно-Казахстанской области выявлен факт незаконной добычи золота