ШҚО полицейлері вебкам-студиялар ашып, ашық трансляциялар жүргізіп отырған қылмыстық топтың жолын кесті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары интернет арқылы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған бейнематериалдарды дайындап, таратқан қылмыстық топты әшкереледі.
— Бұл топ «модельдік агенттік» деген атаумен елдің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде вебкам-студиялар ашып, ашық трансляциялар жүргізіп отырған. Олар 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, айына 2 млн теңгеге дейін табыс табуға болады деп уәде берген, — делінген ақпаратта.
Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұйымдастырушылар 1 млрд теңгеден астам кіріс тапқаны анықталды.
— Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, веб-камера, жарықтандыру құрылғылары және басқа да техникалар тәркіленді. Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың арасында осы бизнесті ұйымдастырған негізгі адамдар да бар. Тергеу аяқталуға жақын, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...