Ақпарат түсе салысымен орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобы Глубокое ауданына аттанды.
Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылының шетіне аю кіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Маймақ бірнеше омартаны бүлдірген.
— Бүгін біздің қызметкерлер оқиға орнына жолға шықты. Қосымша мәлімет инспекторлар оралғаннан кейін белгілі болады, — деп хабарлады «Орман және аңшылық шаруашылығы» ММ жедел әрекет ету тобының баспасөз хатшысы Мақсат Шакиров.