Құтқарушылар мен еріктілер жоғалған жігітті іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Нұрболат Нұрдос 27 шілде күні кешкі уақытта Самал саябағы маңында шомылып жүрген кезде суға ағып кеткен.
Қатты ағыс алып кеткен ол осы күнге дейін табылған жоқ. Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД құтқарушылары жұмылдырылды. Олар өзен түбін тексеріп, дрондарды іске қосты.
— Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары Глубокое ауданына қарасты Уварово ауылы маңында және Шемонаиха ауданына қарай өзен бойымен жалғасуда. Алайда ағысы қатты су іздеу жұмыстарына едәуір кедергі келтіруде, — деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.