Бұқтырма су қоймасы арқылы салынған көпірдің құрылысын жүргізген компания басшысы «Барыс» II дәрежелі орденімен марапатталды

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ОблШығысЖол» ЖШС директоры Жанболат Қазановты көлік саласын дамытуға, Қазақстанның көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда — «Барыс» II дәрежелі орденімен марапаттады.

Жанболат Қазановтың басшылығымен компания еліміздегі ең ауқымды әрі стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысын жүзеге асырды. Бұл нысан техникалық сипаттамалары бойынша ғана емес, аймақ пен ел үшін маңыздылығы тұрғысынан да бірегей деп танылды.

Біз Жанболат Қазановпен байланысып, марапат жайлы пікірін білдік. Ол бұл жаңалықтың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты.

«Мемлекет басшысының қолынан осындай жоғары марапат алу — мен үшін үлкен құрмет. Бұл – бүкіл ұжымымыздың еңбегіне берілген баға әрі еліміздің тұрғындары алдындағы жауапкершілікті арттыра түседі. Қазіргі таңда Президенттің тапсырмасымен компаниямыз Катонқарағай және Зайсан аудандарында екі стратегиялық нысан — әуежайлар құрылысын жүргізіп жатыр», – деді Жанболат Қазанов.

Жаңа әуежайлар өңір туризмі, логистикасы мен экономикасының өсу нүктесіне айналмақ. Ел көлік инфрақұрылымын дамытуға осындай зор үлес қосып жүрген жерлесімізге біз де зор мақтанышпен қарап, Жанболат Қазановты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...