ШҚО-да үлескерлерден заңсыз қаражат тартқан құрылыс компаниялары жауапқа тартылды

Өңірде жеке инвестициялар есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алайда құрылыс компанияларының арасында үлескерлік қаражатты заңсыз тартқандар анықталды. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында брифингте облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Әлішер Кенжеханов мәлімдеді.

— «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін 7 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заң бұзушылықтар 8 нысанда тіркелген. Атап айтқанда, «Dala SK Group» ЖШС – «Ray Residense» тұрғын үй кешені, «Elit Stroy Group» – «Park Line» және «Renesans 3» тұрғын үй кешені, «Baiterek Invest» ЖШС – «Tumar Towers» тұрғын үй кешені, «Cronus Stroy» ЖШС – «Viva Park» тұрғын үй кешені, «Royal Finance Group» ЖШС – «Cristal» тұрғын үй кешені, «MRS Company» ЖШС – «Grand Residense» тұрғын үй кешені, «Премиум Строй НС» ЖШС – «MUZTAU» тұрғын үй кешені, — дейді ол.

Өз сөзінде ол кейбір компаниялардың үлескерлермен жасасатын келісімшарттарын «брондау келісімшарты» немесе «пәтер брондау» деген атаумен рәсімдейтінін, бұл да заңға қайшы болуы мүмкін екенін жеткізді.

Заңға сәйкес, үлескерлердің қаражатын тартудың тек үш жолы қарастырылған:
— «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдігі арқылы;
— Екінші деңгейлі банк арқылы жоба іске асырылған жағдайда;
— Көпқабатты тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана қаражат тартуға болады.

Осы үш тәсілден тыс кез келген басқа схема заңға қайшы. Бүгінгі таңда «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» порталындағы деректерге сәйкес, ШҚО-да тек екі тұрғын үй кешені ғана ресми кепілдікке ие. Олар «ЖАНЫМ» тұрғын үй кешені (А және Б блоктары), «Diamond» тұрғын үй кешені, — дейді Әлішер Кенжеханов.

Новые статьи

Самый большой национальный парк Казахстана находится в ВКО

Катон-Карагайский государственный национальный природный парк остается одним из главных природных символов Восточного Казахстана. По данным министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, это самый...

На чем держится энергобаланс Казахстана?

Министерство энергетики продолжает работу по развитию и модернизации энергетического сектора Казахстана. В стране делают ставку на разные виды генерации, но главную роль в энергобалансе...

Депутаты обсудили проблемы сельского хозяйства

Комитет Мажилиса по аграрным вопросам провел выездное заседание по развитию аграрной науки. Встреча прошла на базе Казахского агротехнического исследовательского университета им. С. Сейфуллина. В обсуждении...

В Казахстане раскрыли преступную схему с участием сотрудников ЦОН

Столичный департамент агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу выявил и пресек противоправную схему незаконного оформления индивидуальных идентификационных номеров иностранным гражданам. По данным АФМ, участники схемы...