Өскемен тұрғындарының шағымынан соң экологтар тексеру жүргізді

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі ауа сапасына қатысты түсініктеме берді.  24 шілде күні әлеуметтік желіде Өскемен көшелерін түтін тұмшалап алған видео тарады. Халықтың көбі аса сапасына қатысты өз наразылықтарын білдіріп жатты.

Осыған байланысты ШҚО бойынша Экология департаменті мен «Өскемен тынысы» экологиялық бюросы бірлесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймақтарында жоспардан тыс мониторинг жүргізді.

— Қазіргі таңда қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Өлшеу жұмыстары сертификатталған құрал-жабдықтар арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асу фактісі тіркелген жоқ, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Мамандардың айтуынша, желсіз ауа райы мен төмен температура ластаушы заттардың жерге жақын қабаттарда жиналуына ықпал етіп, көзге тұман немесе түтін түрінде көрінуі мүмкін. Дегенмен, барлық көрсеткіштер бойынша ауа сапасы белгіленген нормативтерге сәйкес келеді.

— Қазіргі уақытта атмосфералық ауаға мониторинг жалғасып жатыр. Өнеркәсіптік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайлар тіркелген жоқ, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске пройдет семейный фестиваль

В эту пятницу, 19 июня в Усть-Каменогорске состоится масштабный семейный фестиваль. Организаторы обещают насыщенную программу сразу на нескольких городских локациях для жителей и гостей...

В Казахстане пресекли вымогательства у студентов и школьников

В Павлодарской области сотрудники подразделения по борьбе с организованной преступностью пресекли случаи вымогательства в учебных заведениях. Работу провели в рамках проекта «Саналы Ұрпақ» при...

В Усть-Каменогорске прошла выставка продукции товаропроизводителей региона

В Усть-Каменогорске в торгово-развлекательном центре «Maxi Mall» прошли выставки-конкурсы «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт». На площадке представили товары...

В регионах Казахстана открыли 23 новых отделения по востребованным медицинским профилям

В регионах Казахстана в рамках программы реновации областных больниц уже начали работать 23 новых отделения по востребованным терапевтическим профилям. Об этом сообщили в министерстве...