Бұл туралы біздің тілшімізге ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Блялов айтып берді. Еске салайық, бүгін шығысқазақстандықтар 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісін сезінді.
Облыс әкімінің орынбасары Байахметов Б.К. басшылық ететін жедел штаб құрылды. Барлық хабарландыру жүйелері іске қосылды: дабыл сиреналары қосылып, мобильді операторлар арқылы хабарламалар таратылды, теле-радио сигналдары тоқтатылып, «Дармен» қосымшасы арқылы ескерту жасалды. Барлық жедел қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Өмірлік маңызы бар нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Азаматтар үшін 8(7232)55-38-19 нөмірі бойынша «жедел желі» жұмыс істеп тұр.