в

Риддерде алғашқы рет ұлттық “Ата-мұра” ойындары өтті

Риддер қаласында бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды біріктірген ауқымды мәдени-спорттық шара — алғашқы ұлттық “Ата-мұра” ойындары өтті.

Бағдарлама аясында қазақтың дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды: қыз қуу, топ бәйге, аударыспақ, шырға тарту, арқан тарту, қазақша күрес, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан жаппай жүгіру жарысы өтті.

Кешкісін күннің көркін арттырған әсерлі концерттік бағдарлама көрермендерді ерекше күйге бөлеп, ел жадында мәңгі сақталатын жарқын сәттер сыйлады.

Іс-шараға Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы, Өскемен, Алтай, Талдықорған, Көкшетау қалаларынан келген делегациялар қатысты.

Мұндай шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дәріптеуге, өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Первые национальные игры “Ата-мұра” прошли в Риддере