Бүгінде қалада жаңа Гематология орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл ауыр қан ауруларына шалдыққан адамдар медициналық көмек алатын маңызды денсаулық сақтау нысаны болмақ.
— Орталықтың құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен де қаржыландырылды. Құрылыстың жалпы құны 71,3 миллиард теңгені құрайды. 2025 жылы арнайы мемлекеттік қорға қайтарылған активтер есебінен қосымша 33,6 миллиард теңге бағытталды. Өскемен қаласының прокуратурасы бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға алды, — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары жүргізілуде.