в

Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айырылды

Өскеменде автокөлік бөлшегін сатып алмақ болған ер адам алаяқтың айласына ілікті. Бұл туралы қалалық №2 сот материалдарында баяндалған.

Анықталғандай, алаяқ Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Instagram желісінде әмбебап көлемдегі көлік шанағы (КУНГ) сатылады деген жалған хабарландыру жариялаған. Автокөлігіне дәл осы бөлшекті іздеп жүрген өскемендік оған сеніп, хабарласқан. Содан соң мессенджер арқылы тілдесіп, «сатушы» бөлшекті әуелі Түркиядан, кейін Германиядан жеткізетіндігін айтып, уәде берген.

Жәбірленуші оған сеніп, 2 миллион теңгеден астам қаржыны айтқан шотына аударып, 5 ай бойы күткен. Алайда тауар сол күйі келмеген. Сөйтіп ер адам полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ақшаны ол онлайн-казинода ұтылып қалған. Сот оның кінәсін мойындауын, бұрын сотталмағанын және асырауында баласының бар екенін ескеріп, айыпталушыны қоғамнан оқшаулаудың қажеті жоқ деген шешімге келді.

Сот үкімімен сотталушы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылып, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Строительство новых зон отдыха в Усть-Каменогорске завершат в начале августа

Банки РК обяжут размещать на сайте калькулятор для расчета ежемесячных платежей по кредитам