Шығыс Қазақстан қайта жасалған қылмыстар саны бойынша елде алдыңғы қатарда тұр

2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында бұрын қылмыс жасаған 8,1 мың адам ұсталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға төмен. Олардың ішінде 2,5 мың адамның соттылығы алынбаған не өтелмеген болып шықты. Бұл көрсеткіш те бір жылда 20,6%-ға азайған.

Атап айтқанда, 932 адам бас бостандығынан айырылмайтын жазаға тартылды, 715 адам пробация қызметінің есебінде тұрды, 17 адам әкімшілік қадағалауда болды, ал 43 адам шартты түрде осындай бақылауға іліккен.

Өңірлерге бөлер болсақ, қылмысқа қайта барған азаматтар ең көп тіркелген қала — Астана. Мұнда бұрын да қылмыс жасаған 923 адам анықталған (былтырғыдан 24,2%-ға аз). Екінші орында — Алматы (864 адам, 11,5%-ға азайды), үшінші орында — Шығыс Қазақстан облысы (551 адам, 5,5%-ға азайды). Ең аз қайталама қылмыстар тіркелген өңірлер: Ұлытау облысы — 98 адам, Атырау облысы — 184 адам, Алматы облысы — 228 адам.

Қайталанған құқықбұзушылықтардың ең жиі кездесетін түрі — ұрлық. Бұрын сотталған 2,5 мың адам дәл осы қылмыс үшін қайта ұсталған. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 19,9%-ға аз. Бірақ бұл көрсеткіш барлық қайталанған қылмыстардың 30,6%-ын құрап отыр (өткен жылы — 36,2%).

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...