Глубокое ауданында пара алған полицей мен оған ақша берген жүргізуші сотталды

Патрульдік полиция батальонының инспекторы әріптесімен бірге Өскемен-Шемонаиха тасжолында қызметтік көлігімен кезекшілікте жүрген. Олар Глубокое кентіне бұрылатын тұста жеңіл көліктің «Газельді» басып озу үшін қарсы жолаққа шығып кеткенін байқады.

Сот барысында анықталғандай, инспектор К. көлікті тоқтатып, жүргізушіні қызметтік көлікке шақырған. Содан соң жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (қарсы қозғалыс жолағына шығу) бойынша хаттама толтырылатыны туралы ескерткен.

— Алайда ер адам жүргізуші куәлігінен айырылғысы келмегендіктен хаттама толтырмауды өтінген. Осы үшін инспектор одан 40 мың теңге сұраған. Жүргізуші бұл соманы өзі аудара алмаған соң, танысына хабарласып, жағдайды түсіндіріп, полицейдің банктегі шотына ақша аударып беруін өтінген, — деп хабарлады Глубокое аудандық соттың баспасөз қызметінен.

Осылайша үш адам сотталды: полицей — пара алғаны үшін, жүргізуші — пара бергені үшін, ал оның танысы — пара беруге көмектескені үшін.

— Сот шешімімен полиция қызметкері 1 жылға түрмеге қамалды. Ал көлік жүргізушісі мен оның танысы 7 ай мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, — делінген ақпаратта.

Сотталушылар бұл шешіммен келіспей апелляциялық шағым түсірді. Нәтижесінде облыстық сот жүргізуші мен оның танысына тағайындалған жаза түрін бас бостандығынан айырудан — бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...