Өңірде 5 шілдеде күн ысиды. «Казгидромет» РМК мәліметінше, облыс аумағында +33 пен +38, ал оңтүстік бөлігінде +42 градусқа дейін ыстық болады.
Осындай аптап ыстықта бастан күн өту қаупі артады. Бұл ең алдымен балаларға, қарттарға, созылмалы ауруы бар адамдарға аса қауіпті.
— Күн өту белгілеріне әлсіздік, бастың айналуы мен ауырсынуы, жүрек айну, құсу, терінің қызаруы, құрғауы, жүректің жиі соғуы жатады. Сондықтан тұрғындардан қауіпсіздікті қаперден шығармауды сұраймыз, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқарушылар ыстықта басқа күн өтуден сақтану үшін келіседей кеңестер берді:
— Сағат 11:00 мен 17:00 аралығында күн астында жүрмеуге тырысыңыз;
— Ашық түсті, жеңіл киім мен бас киім киіңіз;
— Тәулік бойы жеткілікті мөлшерде су ішіп жүріңіз;
— Күн ысыған кезде ауыр дене жаттығуларынан бас тартыңыз;
— Күннен қорғайтын құралдарды қолданыңыз.
в ВКО
ШҚО құтқарушылары аптап ыстықта басқа күн өтуден қалай сақтану керектігін түсіндірді
