в

Риддерде ер адам темекі тұқылын тастағаны үшін салынған айыппұлмен келіспей, сотқа шағым түсіріп, жеңіліп қалды

Ер адам Третий шағынауданындағы дүкен маңында жерге темекі тұқылын тастаған. Сол үшін оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қоғамдық орындарды қайта ластау) хаттама толтырылған.

Алайда азамат полицейлермен келіспей, сотқа шағым түсірді.

— Сот отырысында ол темекі тұқылын қоқыс жәшігіне тастағанын айтты. Алайда сотқа ұсынылған бейнематериалдар, оқиға орнындағы фотосуреттер және куәгердің сөзі ер адамның кінәсін дәлелдеді, — деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Риддер қаласының тұрғыны бұған дейін де осы бап бойынша жауапқа тартылған. Сот оның шағымын қанағаттандырған жоқ. Енді ол 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на соискание Государственной молодежной премии «Дарын»

ШҚО сөрелерінде формальдегид қосылған балалар ойыншықтары сатылған