в

Жарма ауданының тұрғыны сотта жалған куәлік бергені үшін 5 жылға түрмеге қамалды

Абай облысындағы Жарма аудандық сотында жалған куәлік беру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Т. есімді азамат браконьерлікке қатысты басқа бір қылмыстық іс бойынша куә ретінде шақырылған. Сот кезінде ол қасақана жалған мәлімет берген.
— Оның бұл әрекеті сотты жаңылыстырды. Сол арқылы ер адам танысына қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспек болған, — делінген ақпаратта.
Сот Т.-ны Қылмыстық Кодекстің 420-бабы бойынша (көрінеу жалған айғақ беру) кінәлі деп таныды. Сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Вандалы повредили конструкции на зоне отдыха в районе Комендантки

Информация о заражённом мясе в Астане не соответствует действительности