Өскемен қалалық сотында көлікке құлаған ағаштың салдарынан келген материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

2025 жылғы 4 сәуірде қаладағы көшелердің бірінде тұрақта тұрған көліктің үстіне ағаш құлаған. Соның салдарынан көлікке айтарлықтай зақым келтірілген. Мамандардың қорытындысы бойынша, көлікті жөндеу экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылды. Ал сарапшы көліктің нарықтағы құны 2,5 млн теңге мөлшерінде деп бағалаған.

Белгілі болғандай, ағаш жергілікті коммуналдық кәсіпорынның қарауындағы жол жиегінде тұрған. Бұл кәсіпорын мен Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі арасында көшелер мен жолдарды күтіп-ұстау туралы келісімшарт бар. Сол құжатта айналаға қауіп төндіретін ағаштарды анықтап, жою міндеті де қарастырылған.

— Сот барысында коммуналдық кәсіпорын жауапкер ретінде танылды. Себебі ол өзіне сеніп тапсырылған аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін дер кезінде орындамаған. Сот талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Коммуналдық кәсіпорыннан көлік иесіне келтірілген материалдық залал ретінде 2 418 250 теңге және өкіл, сарапшы мен нотариус қызметтеріне кеткен шығындарды өтеу үшін 248 508 теңге өндіріп алынды, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...