Шығыс Қазақстанда сапасыз салынған су құбырлары жөнделе бастады

Өңірдегі бірнеше елді мекендегі инженерлік желілер апатты жағдайда деп танылып, тұрғындар таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Тіпті бірнеше қылмыстық іс қозғалып, жауапты шенеуніктер мен мердігерлер сотталды.

Ең көп заңбұзушылықтар Самар ауданына қарасты Аққала, Құлынжон және Көкжыра ауылдарында тіркелді.

Бұл елді мекендерде су құбыры 2020-2021 жылдары салынған. Ол кезде тапсырыс беруші Көкпекті ауданының әкімдігі болған. Кейін әкімшілік-аумақтық бөліністер нәтижесінде бұл аумақ Абай облысына өтті де, жауапкершілік Самар ауданының әкімдігіне жүктелді. Сапасыз құрылысқа қатысты істі болғандар арасында ауыл әкімінің орынбасары да бар.

— Біз инженерлік тексеру жүргізіп, жүйені толық іске қосу үшін қандай жұмыстар қажет екенін анықтадық. Облыстық бюджеттен 309,4 млн теңге бөлінді. Қазір конкурстық рәсімдерді аяқтап жатырмыз. Мердігер анықталысымен қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз, — деді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Осыған ұқсас жағдай Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінде де тіркелген. Мұнда былтыр 160-тан астам рет құбыр жарылды. Су құбыры 2019 жылы салынғанымен, сапасыз деп танылып отыр. Бұл жерде де кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

— Бүгінде қалпына келтіру алгоритмін жасап, 4 проблемалық учаскені анықтадық. Биыл соның екеуін жөндейміз. Атап айтқанда, су сорғы станциясынан таза су резервуарына дейінгі магистралін және Гребенюшка шағын ауданындағы желілер. Қазір бұл жердегі халыққа су тасып жеткізіп отыруға мәжбүрміз. 70 млн теңге бөлінді, тағы 318 млн теңгені күтіп отырмыз. Негізгі жұмыстарды қарашаға дейін аяқтау жоспарланған, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар 1 қыркүйекке дейін Марқакөл ауданына қарасты Боран ауылындағы су құбырының ақаулары жойылмақ. Жалпы, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін өңірде 762,9 шақырым су құбыры желісі жаңадан салынып, жаңғыртылады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...