в

Өскеменде жанып жатқан пәтерден 5 адам құтқарылды

ШҚО ТЖД қызметкерлері отқа оранған пәтерден 5 адамды аман алып шықты.

Белгілі болғандай, Өскемен қаласындағы Шаяхметов көшесінде бес қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен тұрмыстық техника жанды.

— Өрт сөндірушілер тілсіз жау шарпыған пәтерден 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып қалды. Одан бөлек, көрші пәтерлерден 10 адамды эвакуациялады, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Көп ұзамай жалпы ауданы 25 шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Жалынның шығу себебі анықталып жатыр.

Стартовал конкурс на присуждение премий для НПО

150 населенных пунктов с общим населением 500 тыс. человек планируется обеспечить питьевым водоснабжением до конца 2025 года