в

ШҚО-да шілде айында ауа райы қандай болады?

Жаздың екінші айы Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынды болады. Синоптиктердің болжамынша, аймақ бойынша найзағай соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, екпінді жел күтіледі.
Маусымдағы аптап ыстықтан кейін шілдеде ауа райы біршама салқындайды. Бұл өзгеріске жауын-шашынның көп жаууы себеп. Алайда шілде айының басында Шығыс Қазақстанның кей бөліктерінде қатты ыстық сақталады.

— Айдың алғашқы онкүндігінің соңына қарай күндізгі ауа температурасы 30–38 градусқа дейін жетеді. Осыған байланысты өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.

Шілденің екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа температурасы күрт құбылады. Күндіз +32 градустан +18 градусқа дейін, түнде +15-тен +7 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына төтенше өрт қаупі жағдайында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

В ВКО ожидается гроза, град, шквал

Торговля младенцами: в Карагандинской области вынесены приговоры по резонансному делу