Өскеменде ата-аналар мектептердегі тегін үйірмелер жабылып қала ма деп алаңдап отыр

Әлеуметтік желіде қаладағы кейбір жалпы білім беретін мектептерде осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген үйірмелердің жабылайын деп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл үйірмелерде жүздеген бала вокал, би, аспаптарда ойнау және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша еш ақысыз оқып келген.

Мұндай үйірмелер №15, №24 және №33 мектептерде болды. Қазіргі уақытта №15 және №24 мектептердегі үйірмелерді басқа ғимаратқа көшіру жоспарланып отыр екен.

— Қызым №15 мектептегі үйірмелерге қатысып жүргеніне екі жыл болды. Үйге жақын, тегін әрі мұғалімдері де білікті. Енді бізді қаланың арғы шетіне жіберіп жатыр. Бұл өте ыңғайсыз, — дейді қала тұрғыны Анна Мамаева.

Кейбір ата-аналар үшін үйірменің басқа жерге көшуі қолжетімділік жағынан қиындық тудырады.

— Бұл осы маңдағы балалардың шығармашылықпен айналысатын жалғыз орны еді. Енді оны жөндейміз деген сылтаумен басқа жаққа ауыстырып жатыр, — дейді тағы бір ата-ана.

Алайда қалалық білім бөлімінің мәліметінше, үйірмелер жабылмайды және тоқтатылмайды, тек инклюзияны қолдау кабинеттерін (ИКК) кеңейтуге байланысты мектеп ішіндегі бөлмелер қайта бөлінбек.

— Норматив бойынша осындай сыныптарда 10-нан артық бала оқи алмайды. Олардың әрқайсысына жеке тьютор қажет. Сондықтан арнайы бейімделген бөлмелер керек. Өнер үйірмелері осы уақытқа дейін мектеп ішіндегі кабинеттерде өткізілсе, енді бұл бөлмелер оқу процесі үшін қажет болып отыр, — деп түсіндірді бөлім басшысы Дина Шәріпова.

Оның айтуынша, барлық үйірме мұғалімдері мен топтар Протозанов көшесі, 37 мекенжайындағы күрделі жөндеуден өткен «Жұлдыз» балалар өнер мектебі ғимаратына көшіріледі. Мұнда сабақтар бұрынғыдай бюджет есебінен қаржыландырылады. Жаңа ғимаратта домбыра, вокал, хореография, театр, қолданбалы және бейнелеу өнері бағыттарындағы үйірмелер сақталады.

— Біз барлық үйірмені сақтап қаламыз. Керісінше үйірмелер түрін кеңейтеміз әрі қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар оқушыларға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр, — деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінен.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...