Аягөзде әскери қызметші ата-анасымен бірге жол апатынан мерт болды

Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 28 маусым күні болған.

— Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің біріндегі мерзімді әскери қызметші мен ата-анасы жол апатынан қаза болды. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз, — делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

— Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмдардың жақындарына жан-жақты көмек көрсетеді. Соның ішінде әскери ұшақпен қаза болғандардың мәйіттерін тұрғылықты жеріне жеткізуді ұйымдастырады, — делінген хабарламада.

Осы ретте, Абай облыстық Полиция департаменті жол апатына қатысты қосымша ақпарат берді.

— Toyota Lumiere көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota Lumiere көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, — делінген мәліметте.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...