ШҚО-да қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғау мақсатында алаяқтық схемаларға қарсы күрес шаралары күшейтілуде. Әсіресе, құқық қорғау органдары қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударып отыр. Бұл туралы ШҚО ПД Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бекжан Малғаждаров өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

— Соңғы екі жылда облыс аумағында алты қаржы пирамидасының жолы кесілді. Республика аумағында «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» және «Eolus» брендтерімен жұмыс істеген екі құрылымдық бөлімшенің басшылары сотталды. Тергеу барысында олардың фармацевтикалық компания мен шетелдік инвестициялық жобаларға қаражат тарту сылтауымен халықтан ақша жинағаны анықталды. Соның салдарынан 250-ден астам адам 400 миллион теңгеден астам шығынға батқан, — дейді ол.

Соңғы уақытта аймақта интернет-алаяқтық фактілері артып келеді. Ең кең тараған түрлеріне фишинг, жалған интернет-дүкендер, әлеуметтік инженерия тәсілдері, жарнама платформаларындағы жалған хабарландырулар, интернет арқылы бопсалау және жеңіл пайда табуға уәде беретін инвестициялық схемалар жатады.

— Алаяқтардың әрекеттеріне тән негізгі
белгілер: олардың бірінші болып байланысқа шығуы, қаржы мәселесіне ерекше назар аударуы, құпия ақпаратты талап етуі, эмоциялық қысым көрсетуі және жылдам шешім қабылдауға итермелеуі. Сол үшін күмәнді жобаларға ақша салмай, компаниялардың заңды мәртебесін тексеріп, жеке мәліметтерді жария етпей және күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, — дейді Бекжан Малғаждаров.

Новые статьи

В Восточном Казахстане ищут новые точки роста для туризма

В Восточно-Казахстанской области намерены активнее развивать культурный и спортивный туризм. Эти вопросы обсудили на совещании по развитию туристической отрасли под председательством акима региона Нурымбета...

ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде туризмді дамыту мәселелері талқыға салынған жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті. «Музей инфрақұрылымын дамыту ерекше назар аударуды...

Почти 28 тысяч экобоксов установят в школах Казахстана до конца года

В Казахстане продолжается реализация масштабного экологического проекта в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан». При поддержке АО «Жасыл даму» в 15 областных центрах страны внедряют...

За неделю контакт-центр 1403 обработал более 18 тысяч обращений по республиканским дорогам

Контакт-центр 1403, обслуживающий пользователей республиканских автодорог, за неделю принял и обработал более 18 тысяч обращений. Об этом сообщили в национальной компании «ҚазАвтоЖол». С 8 по...