ШҚО әкімдігі бизнес өкілдерімен диалогты жаңа Кәсіпкерлік кеңес арқылы күшейтуде

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында жаңа бастама қолға алынды. Өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов Кәсіпкерлер кеңесінің құрылғанын жариялады.

Кәсіпкерлермен кездесуде облыс басшысы бұл кеңес органының басты мақсаты – аймақтағы бизнес өкілдерімен тұрақты әрі жүйелі диалог орнатып, кәсіпкерлікке қатысты өзекті мәселелерді шешу екенін атап өтті.

«Әкімдік үшін ең маңызды міндеттердің бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл – өңірдегі бизнестің тұрақты дамуына тікелей байланысты. Сондықтан біз инвестициялар көлемін және жалпы бизнес белсенділігін арттыруға мүдделіміз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкімнің айтуынша, қазіргі экономикалық жағдайда өзгерістер өте жылдам жүріп жатыр, сондықтан жаңа жағдайларға бейімделу маңызды. Осы орайда Кәсіпкерлер кеңесінің құрылуы нарықтағы жедел өзгерістерге тиімді жауап табуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі кезде диалог бар, бірақ ол көбіне жеке кәсіпкерлер мен әкімдік арасында жүруде. Менің ойымша, бизнес-қоғамдастықтар арқылы жұмыс істеу әлдеқайда тиімді. Себебі мұндай ұйымдар жеке емес, ортақ мүддені қорғайды. Қазір біз үшін басты мақсат – өңірлік бизнес-климатты дамыту. Әкімдік конструктивті диалогқа дайын», – деп атап өтті өңір басшысы.

Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына экономика саласында өзін танытқан ірі кәсіпкерлер енеді. Кеңес алаңында мемлекеттік органдар, сарапшылар мен бизнес өкілдері арасында тұрақты кездесулер, пікір алмасулар өткізу жоспарланған.

Талқыланатын басты тақырыптардың бірі – 2025 жылдың 10 қыркүйегінде өтетін халықаралық Altay Invest инвестициялық форумы. Бұл форум инвестиция тартуға және экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Форумға Қытай, Ресей және өзге де елдердің инвесторлары, сондай-ақ халықаралық даму институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Кеңес жұмысының үйлестірушісі – ШҚО әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Өңір басшысы мемлекеттік қолдау шараларының – субсидиялар, жеңілдіктер және инвестициялық келісімшарттардың болуына қарамастан, олардың толық пайдаланылмайтынын айтты. Осы ретте бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін даму басымдықтарын анықтап, билік пен бизнестің күшін біріктіру қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде шығысқазақстандық кәсіпкерлер әкімнің бастамасын қолдап, өз ұсыныстарын жеткізді. Олар әсіресе еңбек мамандықтарының мәртебесін көтеру қажет екенін айтты, өйткені бұл сала кәсіпкерлік дамуына елеулі үлес қосып отыр.

Кездесу соңында Нұрымбет Сақтағанов бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтіп, Кәсіпкерлер кеңесінің ұзақ мерзімді бастама боларына сенім білдірді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...