в

Өскеменде апат салдарынан 350 отбасы жарықсыз қалды

Источник фото: министерство национальной экономики РК

Өскемен қаласының Күленов шағынауданында апат салдарынан 350 отбасы жарықсыз қалды. Бұл туралы «Бірлескен энергосервис компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Энергетиктердің айтуынша, жарықтың сөнуіне жол бойында жүргізілген жерасты кабель желілерінің зақымдануы себеп болған. Қазіргі таңда апаттың нақты себебі анықталып, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Жерасты кабельдерінің бүлінуі жөндеу жұмыстарына айтарлықтай қиындық туғызды. Дегенмен жедел әрекет ету тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты жөндеу аяқталған бойда қайта қосылады, – деді компания өкілдері.

Олар жергілікті тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Обеспечение продовольственной безопасности – ключевой приоритет аграрной политики Казахстана

Руководителем управления экономики и бюджетного планирования ВКО назначен Нурсултан Маратов