Өскеменде трамвай паркіне жаңа басшы тағайындалды

Өскемен қалалық трамвай паркінің директоры болып Денис Федченко тағайындалды.

Денис Викторович 1981 жылы 6 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс гуманитарлық институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында ол мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда түрлі қызметтер мен басшылық лауазымдарды атқарды. 2023 жылдан бері Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы «Аумақтық басқару орталығы» КММ басшысы болған.

Айта кетейік, таяуда қала әкімі Алмат Ақышов Өскемендегі трамвай паркінің жұмысын сын садағына алған болатын.

Новые статьи

В ВКО наградили лучших работников региона

В Восточно-Казахстанской области вручили государственные награды людям, чья работа давно стала частью жизни региона – среди награжденных оказались представители культуры, госслужбы, медиа и бизнеса....

ШҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты

Қазіргі таңда кене шаққан 92 адам медициналық мекемеге жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 38. Эпидемиологтардың мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда...

Өскеменде дүкеннің заңсыз ашылуын ұйымдастырған азамат 5 тәулікке қамауға алынды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде жергілікті атқарушы органдармен келісілмей және қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып, аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған. Соның...

ШҚО-да ALTAY BUSINESS форумы өтіп жатыр

Облыс орталығында 1500-ден астам кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік орган өкілдерін жинаған ALTAY BUSINESS форумы өтуде. Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашты. Шара басталар...