Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі

Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір экономикасының дамуы тікелей инвестиция көлеміне байланысты екенін айтты. Оның пікірінше, негізгі капиталға тартылған инвестиция – қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысын бағалаудағы басты көрсеткіш болуы тиіс.

– Қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысындағы ең маңызды көрсеткіш – бұл негізгі капиталға тартылған инвестициялар. Тікелей шетелдік инвестициялардың ағымы өңір экономикасына оң ықпал етеді, – деді аймақ басшысы.

Әкім әрбір инвестициялық жоба бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін жасап, жобаларды іске асыру барысында туындайтын кедергілерге дер кезінде әрекет ету қажеттігін атап өтті.

– Жобалардың тоқтап қалуына не себеп болғанын мұқият сараптау қажет. Инвесторлар жобаның бастамасынан бастап толық іске қосылғанға дейін барлық кезеңде әкімдіктің қолдауын сезінуі керек. Барлық әкімшілік кедергілер жойылуы тиіс, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп, энергетика, туризм және агроөнеркәсіптік салаларда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Облыс басшылығы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, тұрақты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық бермек.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...