Семейде мүгедектігі бар 700-ден астам азаматтың құқығы қалпына келтірілді

Семей қаласының прокуратурасы «инватакси» қызметін көрсету бойынша мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу фактісін анықтады.

Мердігер ұйым тәулік бойы қызмет көрсету туралы міндетті талаптарға қарамастан, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тасымалдауды тек сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін жүзеге асырған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақтылы көлік көмегін алу құқықтарын шектеді.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде мердігермен жасалған шарттың талаптары мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес қалыпқа келтірілді. Қазіргі уақытта «инватакси» қызметі тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз көрсетіліп жатыр.

Осылайша, қабылданған шаралардың арқасында мүмкіндігі шектеулі 714 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Ал жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Новые статьи

ШҚО-да мас күйде электр желісін зақымдаған экскаватор жүргізушісі қамалды

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында 44 жастағы экскаватор жүргізушісі электр желісін зақымдаған. Белгілі болғандай, ол рөлге мас күйде отырған. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, электр кабелінің...

Пожар в Бобровке унес жизни матери и двоих детей

В селе Бобровка Глубоковского района Восточно-Казахстанской области при пожаре в жилом доме погибли женщина и двое малолетних детей. Когда пожарные прибыли на место, дом уже...

В Риддере взыскали 15,6 млн тенге задолженности по алиментам

В Риддере после вмешательства прокуратуры 19 должников частично погасили задолженность по алиментам на общую сумму 15,6 млн тенге. Речь идет о людях, которые длительное...

В ВКО подозреваемых в краже овец задержали во время перевозки

В Уланском районе Восточно-Казахстанской области полицейские раскрыли кражу двух голов мелкого рогатого скота на общую сумму 240 тысяч тенге. Животных перевозили в багажном отсеке...