Қабанбай батыр көшесі бойындағы жол 12 маусым күні сағат 20:00-де уақытша жабылады.
Қиылыстың жабылуына осы аумақтағы трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары себеп болмақ. Жөндеу барысында көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қолайсыздық тудырып отырған рельс өткелі де тегістелмек.
Жөндеу жұмыстары кезінде Қабанбай батыр көшесінен Әуезов даңғылы бағытына қарай жүретін автобустар үшін Нұрмағамбетов көшесінің бір жартысы уақытша ашылады. Алдын ала жоспар бойынша, бұл қиылыс жүргізушілер үшін 16 маусым, дүйсенбі күні таңғы сағат 5:00-ге дейін жабық болады.