в

Өскеменде 16 аула абаттандырылып жатыр

Өскемен қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл жоба аясында кешенді абаттандырумен қатар жекелеген нысандар орнатылады деп көзделіп отыр.

— Кешенді абаттандыру жұмыстары аясында аулаларда негіз дайындау, тротуарлар салу, балалар және спорт алаңдарын, ересектерге арналған демалыс орындарын салу жұмыстары жүргізілуде, — дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев. — 16 ауланы абаттандыруға, 16 балалар және 9 спорт алаңын орнатуға қаржы бөлінді. Сондай-ақ 8 футбол және 1 баскетбол алаңының құрылысы жоспарланған. Жұмыстардың алдын ала аяқталу мерзімі — биылғы жылдың қараша айының соңы.

Бөлім мамандарының нақтылауынша, қазіргі таңда қала бойынша 30 учаскеде тиісті жұмыс жүргізілуде.

Число иностранных постояльцев гостиниц и хостелов в РК обновило рекорд

ШҚО-да Өскемен-Рахман қайнарлары тасжолының жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр